АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда жаңа білім және ғылым министрі тағайындалды[:]

[:kz]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы қызметінен босатты. Аталған ведомствоның басшылығына Асхат Аймағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі қызметінен босатылды», — делінеді жарлықта.

«Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», — делінеді жарлық мәтінінде. 

 Stan.kz

[:]