Қазақстанда зейнет жасы 2023 жылы төмендеуі мүмкін. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет кулуарында аталған мәселенің 2022 жылдың соңында қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Бұл сұрақтардың барлығы Әлеуметтік Кодекс аясында қаралады. Жыл соңына дейін шешеміз”, – деді премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов. 

Елімізде қаңтар айынан бастап әйелдер зейнетке 60,5 жаста, ал ерлер 63 жаста шығады. 

Айта кетейік, бұған вице-премьер үкімет әйелдердің немесе басқа санаттағы азаматтардың зейнетке шығу жасын 63-тен 55-ке дейін төмендетуді қарастырып жатыр ма деген сұраққа жауап берген еді. 

Рубрика: