АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда вакцина салған тұрғындар саны 1 млн 837 мыңға жуықтады[:]

[:kz]

 

16 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 836 821 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
«Бүгінгі таңда елімізде 1 836 821 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 753 977 адамға жетті», — делінген ДСМ хабарламасында. 

Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 272 075 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген. 

Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде тағы да Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 34 707 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.

 

[:]