14 октября, 2019 Comments Off on Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

 

Қазақстанның ауыл шарушылық министрі Сапархан Омаров елімізде нан бағасының қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта нан өңірге байланысты 75-78 теңгеден сатылуда. Баға аздап көтеріліп, 80-82 теңгеге жетеді деп топшылаймын», - дейді Омаров.

Өз сөзінде министр бұл бағаның аздаған деңгейде ғана қымбаттауы екенін атап өтті. 

Сонымен қатар министрлік нан бағасы күрт қымбаттамауы үшін, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен» тұрақтандыру қорларынан дәнді дақыл сатып алумен айналысып жатқанын айтты.

«Сондай-ақ, әр облысытың әкімдігі тұрақтандыру қорларынан бидай мен ұн сатып алуда. Ішкі нарықтағы тұрақтылық үшін, жыл сайын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен» комбинаттар арасында 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатылуда. Биылғы жылы нан бағасы күрт қымбаттамауы үшін, ішкі нарықта 150 мың тонна астық сатылды», - дейді ауыл шаруашылығы министрі.

Загрузка...

Комментирование закрыто.