25 марта, 2020 Comments Off on Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру тоқтатылады

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру тоқтатылады

Елімізде COVID-19 пандемиясына байланысты енегізілген ТЖ режиміне байланысты көктемгі әскерге шақыру тоқтатылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Хабар24

Көрнекі фото: Хабар24

Абаевтың сөзінше, Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыруды тоқтатуымен қатар, 2019 жылы көктемде әскер қатарына шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босатуды тоқтату туралы шешімге келген.

Еске сала кетейік, COVID-19 инфекциясына байланысты Қазақстанда 16 наурызда бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.

Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

Загрузка...

Комментирование закрыто.