24 марта, 2020 Comments Off on Қазақстанда ипотекалық төлемдер үш айға тоқтатылатын болды

Қазақстанда ипотекалық төлемдер үш айға тоқтатылатын болды

Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары ипотека төлемдерін 3 айға шегере тұратынын айтты. Бұл туралы Stаn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) барлық төлемдер бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу құқығымен жалдау/сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) барлық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақы есептемей, алдағы 3 айға (сәуір-маусым) төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады", - делінген "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Төлемдерді кейінге қалдыру үшін мемлекеттік операторларға қашықтықтан байланыс арналары (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы өтініш беруі керек. Өтініш жеке тәртіппен қаралатын болады.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласуға болады:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: 300

Қазақстандық Ипотекалық компания: +7 800 080 44 48

Бәйтерек девелопмент: +7 7172 79 65 60, +7 800 080 01 01

Загрузка...

Комментирование закрыто.