Түркістан облысының полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бәйдібек Аудандық полиция басқармасының табиғатты қорғау қызметкері, полиция капитаны Алмас Серіков пен учаскелік инспекторлар Ақбастау ауылының жанындағы жайылымда жабайы қызғалдақ теріп жатқан ер адамды байқаған. Құжаттарды тексеру кезінде оның Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Тәртіп сақшылары тұрғынға гүл шоқтары Қызыл кітапқа енгізілген болуы мүмкін екенін айтып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Заттай дәлел ретінде тәркіленген 6 қызғалдақты полиция сараптамаға жіберді. “Сайрам-Өгем” мемлекеттік табиғи паркінің қорытындысына сәйкес, бұл ҚР Қызыл кітабына енгізілген Грейг қызғалдақтары екені анықталды.

 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің “сирек кездесетін және құрып кету қаупі жоғары, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану” бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданында осындай профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады, дейді. Осыған байланысты полиция ҚР Қызыл кітабына енгізілген гүлдерді жұлғаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Аталған баптың санкциялары 3 мың АЕК (8 751 000 теңге) көлеміне дейін айыппұл салу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не түзеу жұмысы, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса мүлікті тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды иелену құқығынан айырылумен қоса 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

 

Рубрика: