Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кезінде дәрігерлердің жалақысы өсетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі 2023 жылға дейін жалақының 2,5 есеге өсетінін айтты. Биылғы жылдың өзінде медициналық мамандардың жалақысын көтеру басталып кетті. 

“2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы еліміздегі орташа жалақыдан 2,5 пайызға дейін өседі. 2021 жылы 241 мың медициналық қызметкердің жалақысы өседі. Дәрегрлердің жалақысы 30 пайызға орта медицналық қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға көтеріледі. Осылайша 2023 жылға дейін дәрегрлердің орташа жалақысы 541 мың теңгеге дейін, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 210 мың теңгеге дейін өседі”, – дейді Цой. 

 
 

Рубрика: