АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда COVID-19 вакцинасын 10 млн адам алады[:]

[:kz]

 

Қазақстанда шамамен 10 млн қазақстандықты вакцинациялау көзделіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі уақытта ҚР ДСМ коронавирус инфекциясына қарсы иммундауға жататын контингентті анықтау мәселесін пысықтауда. Бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және ҚР халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссияның ұсынымдары ескеріледі.

 

Алдын ала деректер бойынша КВИ-ға қарсы вакцинациялауға өз қызметінің түрі бойынша КВИ жұқтыру бойынша жоғары тәуекел тобына жатқызылған медицина қызметкерлері, педагогтер мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, қант диабеті тарапынан созылмалы аурулары бар адамдар жатады, олар КВИ-ға қарсы профилактикалық егуді ала алады. Азаматтардың жоғарыда аталған санаттарын вакцинациялау үшін вакцина тегін негізде ТМККК есебінен берілетін болады.

Вакцинация 2021 жылдың ақпан айынан бастап кезең-кезеңімен жүргізіледі және бірінші кезекте халықтың ең осал топтары егіледі деп болжануда, қазіргі уақытта олардың саны нақтылануда.

Бұл ретте сол уақытта қолжетімді екі түрлі вакцинаны пайдалана отырып, вакцинацияны екі кезеңде ұйымдастыру көзделеді: 

— I – Н. Гамалеи атындағы (Ресей) Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы әзірлеген «Спутник V» вакцинасын қолдану арқылы 2021 жылдың ақпан айынан бастап 2 млн адамға иммундау үшін;

— II – ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты өндірген вакцинаны қолдана отырып, Қазақстанда клиникалық сынақтар мен мемлекеттік тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін шамамен 2021 жылдың маусым-тамыз айларынан бастап 8 млн адамды иммундау үшін.
 

[:]