АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда бензин бағасы арзандады[:]

[:kz]

 

Қазақстанда 92-нші бензин бағасы арзандады. АИ-92 бензинінің бағасы шамамен 2 теңгеге төмендеген, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Қазақстанда көктемнің алғашқы айында безнин бағасы тұрақты болған еді. Алайда мамыр айында жағдай өзгерді.  Нарықтағы ірі бес ойыншының үшеуі АИ-92 бензинінің бағасын төмендеткен. Helios станцияларында баға 147 теңгеден 145-ке, Sinooil-да 149 теңгеден 145-ке төмендеген. Ал «Газпром» станцияларында бензин 146 теңгеден сатылып жатыр.  «ҚазМұнайГаз» бен Royal Petrol-да баға өзгеріссіз қалған. Тиісінше, онда 149 және 145 теңгеден сатылуда. 

Ал дизель бағасы барлығында өзгеріссіз қалған. Жанармайдың ең арзан бағасы Royal Petrol-да. 188 теңгеден сатылып жатыр.  Helios пен «Газпромда» бір литрінің бағасы – 193 теңге. 

Stan.kz

 

[:]