АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда банктен қарыз алушылар көбейген[:]

[:kz]

 

Қазақстанда банктен қарыз алушылар көбейді. Бұл туралы «Хабар-24» хабарлады. 

Биылғы тамызда ел экономикасын несиелеу көлемі ұлғайған. Нақтырақ айтсақ, заңды тұлғаларға 7 миллиард 288 миллион теңге қарыз берілген. Жеке тұлғалар банктерден 6 миллиард 904 миллион теңге несие алған. Оның 12 миллиардқа жуығы ұзақ мерзімді. 2 миллиардқа жуығы қысқа мерзімге рәсімделген.

 

Сонымен қатар, тамызда шағын кәсіпкерлерге берілген несие көлемі 2 жарым пайызға артқан. Бұл экономикаға салынған жалпы қарыздың 15 пайызына тең. Ұлттық банктің мәліметінше, төл валютада берілген несиенің үстемесі 11,9 пайыз. Жеке тұлғалардың алған сомасына 17 пайыз қосылады.

 

[:]