АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда «Аллаһ» жазуы бар қияр өсіп шықты[:]

[:kz]

Ақтөбеде Бестамақ медресесінің бақшасында ерекше қияр өсіп шықты. Бағбан көкөністен «Аллаһ» деген жазуды байқапты. Мұны медресе-колледждің ұстазы Бауыржан Нұрғалиев те растап отыр.

Көктемде оқу орнының бағбаны Амангелді бау-бақша салып, қауын-қарбыз, қияр, қызанақ еккен екен. Күз түсе өнімді жинап жатып, ерекше қиярды байқап қалыпты. Қараса, көкөністе жазудың барын көреді. Әкеліп, медресенің ұстаздарына көрсеткен:

Қазақстанда «Аллаһ» жазуы бар қияр өсіп шықты

— «Мынау жазу не?» деп бізге әкелді. Анықтап қарасақ, Аллаһ деген жазу шығып тұр. Бір дәннен бірнеше өнім шығарып тұрған Жаратушының шеберлігін қарасаңызшы!  Мұның өзі Алланың ұлықтығын көрсетеді. Құранның аяттарында да бар, Алла: «Өздеріңе, жан-жақтарыңа ұлықтығымды көрсетем», дейді.  Бұл да соның бір белгісі болар. Мұны көріп ел Аллаға, иманға бет бұрып, жаратушының ұлықтығын мойындауы керек деп ойлаймын», — дейді Бестамақ медресе-колледжінің ұстазы Бауыржан Нұрғалиев.

Зада ЗЕЙІН

Фотолар автордікі.

zhasalash.kz

[:]