Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды Қазақстан бойынша қаралы күн жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы президенттің баспасөз-хатшысы Берік Уали Facebook парақшасында жазды. 

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады”, – президент хатшысы. 

Бұған дейін Тоқаев ұшақ апатына қатысты көңіл айтып, өз пікірін білдірген еді. 

Рубрика: