Талқылауға “2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасы шығарылды. Онда 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері белгіленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірме жазбасында заң жобасын қабылдаудың мақсаты ең төменгі жалақы мөлшерін ағымдағы 42 500 (100 доллар) теңгеден 60 000 теңгеге (141 доллар) дейін арттыру екені айтылған. 

 

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге (141 доллар);
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге (46 доллар);
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 302 теңге (109 доллар);
Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге (7,2 доллар);
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге (85 доллар).

Құжат 6 қазанға дейін “Ашық НҚА” сайтында талқылау үшін орналастырылды. 

Рубрика: