Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстан үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайды. Жер шарында танымал жоба болуы керек. DIDI деген такси жобасы бізге кірейін деді. Алайда олар кіре алмады. Қытайдың қанша қаражаты болса да, біздің нарыққа кіріп, «Яндекске» төтеп бере алмады. Ол милрд-таған қаражатты талап етеді. Оны мемлекет бөле алмайды ғой. Ол қаржыны венчурлық инвесторлардан тарту керек. Венчурлық инвесторлар дүниежүзі бойынша ондай қызықты жобаларды өздері іздестіреді. Жасанды интеллект, карталар  бойынша жасалып жатқан жаңа жобаларға қаржы құйғысы келеді», – деді Бағдат Мусин.

Министр атағандай, тек Қазақстан үшін бір жоба жасау – цифрландыру тұрғысынан тиімсіз.

«Мусин шетелдегі қазақстандық IT мамандарының басын қосып жатқанын айтты. Қазір чатта 300-ге жуық адам жиналды. Біз оларды Қазақстанға керекті өнімдердің тиімділігін, бизнес жобалар бар екенін түсіндіру үшін тартып жатырмыз», – деді ол.

Рубрика: