Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

28 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірден екі жарлыққа қол қойды: Қуанышбек Ысқақовты қызметінен босату және Қызылорда облысының әкімі қызметіне Гүлшара Әбдіхалықованы тағайындау туралы.Бұған дейін ғаламторда Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы хабарламалар пайда болды.

Хабарламада бұрынғы әкімнің, оның көмекшісінің, туысының және басқа кәсіпкердің ұсталғаны туралы айтылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

Рубрика: