АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан Ресейдің кесірінен қыруар қаржыдан қағылмақ[:]

[:kz]

 

АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығара бастады. Бұл жерде Қазақстанның АҚШ әскери техникаларының транзиті арқылы біраз пайда табу мүмкіндігі бар еді, алайда ЕАЭО (РФ деп түсініңіз – автор) кесірінен Қазақстан осы пайдадан қағылғалы отыр.

Қазақстан Каспий теңізі арқылы, Баку – Түркия бағытына транзит жасау мүмкіндігінен айырылды, өйткені Ресей «АҚШ Ақтауда әскери база салғалы жатыр екен», «Каспийге жолатпаймыз» деп байбалам салып бұл жолды жаптырды. Оған Қазақстан БАҚ-тары да қосылды. Шындығында ешқандай да әскери база туралы әңгіме жоқ, бәрі қарапайым ғана қызғаныштан туындаған нәрсе. Міне, жегелі отырған нанымыздан көзапара айырып қалу деген осы болады.

Енді Ауғанстаннан шыққан АҚШ әскерилері Өзбекстан мен Тәжікстанда орналасуы мүмкін. Жалпы АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарғанымен де оны алысқа алып кетпейді, оларды Ауғанстанға жақын маңда орналастырып, жағдайды өз бетіне жібермей, бақылап отырады. Бұрынғыша ауған үкіметіне көмектесе беретін болады.

Десе де бұл жағдайдың осы аумақ пен Қазақстан үшін бірнеше жағымды жағы бар.

Біріншіден, тәліптер ойларына келгенін жасай алмайды – АҚШ әскерилері аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Екіншіден, Ресей ойларына келгенін жасай алмайды, олар бүгін Тәжікстан мен Қырғызстанды араздастырып қойған болса, келесі кезекте тағы біреулерді бір-біріне айдап салуы мүмкін. Енді оның жолы кесілді.

Жалпы Трамп кезінде бұрынғы ТМД аумағы Ресей мүддесі аумағы деп есептеліп келді. Арнайы құжат болмаса да іс жүзінде солай болды. Енді ондай болмайды! Қазір геосаяси жағдай өзгерген. РФ-ға санасуға тура келеді. Санаспаса, өз обалы өзіне. Бұл тіпті Қазақстанға Қытайдан да орынсыз қорқа беруге болмайтынына стимул болуы мүмкін.

Тек бұл Өзбекстанның халықаралық саяси аренадағы салмағын арттыра түседі. Әрине, бұған өз басшыларымызды кінәламасақ, басқа кімнен көреміз?

Қуаныш Еділхантегі

Шолушы

 

«Қамшы» сілтейді

[:]