АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан Мәскеуге әскер кіргізбек[:]

[:kz]

Қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеуде өтетін әскери шеруге дайындалуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі таңда Астана қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеруге қатысу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Әзірше үш жаяу шеру есебі құрылды. Атап айтқанда, олардың екеуі десанттық–шабуылдаушы әскерлер бөлімшелерінің құрамынан, біреуі Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанттары. 24 маусымда өтетін парадқа қандай есептер қатысатыны 8 маусымда өтетін соңғы дайындықта анықталады.

«Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне 75 жыл толады. Осы себепті Ресей Қорғаныс министрлігі  біздің әскерлерді Қызыл алаңдағы парадқа қатысу үшін шақырды. Құрлық әскерлерінен үш есеп топ бөлінді. Есептер өте жақсы дайындалған. Олар барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтайды. Күніне үш-төрт рет температуралары өлшеніп, басқа да мәселелер шешіледі. Бізге Қызыл алаңдағы парадқа қатысып, елімізді көрсету өте маңызды. Дайындық өте жақсы жүріп жатыр», — дейді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов.

Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, шараға қазақстандық әскери қызметшілер ресейлік тараптың ресми шақыртуы бойынша қатыспақ. 

Дайындық жұмыстары карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылып жатыр. Дезинфекциялық-санитарлық режим күшейтілді: күніне кемінде екі рет жеке құрамды медициналық тексеру, сондай-ақ өңдеу, ылғалдандыру және желдету жүргізіледі. Парадқа қатысатын әскери қызметшілер қалған жеке құрамнан оқшауланған, оларға бөгде адамдар мен туысқандарының  баруы шектелген, — делінген Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде. 
 

[:]