АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан әскерилері Қырғызстанда жоғалған альпинистерді іздестіруде (фото) [:]

[:kz]

Еліміздің Қорғаныс министрлігі қырғыз тауларында жоғалған қазақстандық альпинистер – Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті, сондай-ақ болжам бойынша өкпе қабынуынан көз жұмған Александр Чечулинді іздестіру бойынша құтқару операциясын бастады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Құтқару операциясы. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Құтқару операциясы. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

 

Министрліктің мәліметінше, құтқарушылар тобында – капитан Мақсұт Жұмаев, майор Аманжол Рахметов, топ жетекшісі аға сержант Василий Пивцов бар.

Қазақстандық әскери қызметшілер дабыл бойынша көтеріліп, толық жауынгерлік әзірлікте тұр. Құтқарушы топ ҚР ІІМ ТЖК бөлген тікұшақпен 4400 метр биіктіктегі базалық лагерьге көтерілуді жоспарлауда және жаяу іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Құтқару операциясы. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Құтқару операциясы. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Аталған операция ауа райының қолайсыздығы мен қар көшкіні болу қаупіне байланысты күрделенуде. Жоғалған альпинистерді іздестіру үшін жылуға ден қоюды көздеуші құрылғылар қолданылуда.

Министрліктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұндай биіктікте жұмыс істеу үшін ауа райына бейімділген құтқарушыларды жіберу аса маңызды.

Құтқару операциясында Еуропадағы биік шыңдарды бағындырып жүрген, альпинизм бойынша Ресейде өткен «Эльбрус шеңбері-2019» халықаралық сайысына қатысушылар жұмылдырылуда.

Жоғалған альпинистер Қырғызстандағы 7439 метрлік Жеңіс шыңының жоғарғы нүктесіне көтерілген.

Тянь-Шаньның жоғарғы шыңына шығу бағыты альпинизмдегі ең күрделі, яғни 5-6 күрделі санаттағы шыңдардың бірі болып табылады.

 
  

[:]