Қазақстан 2021 жылы халықтың бақыт индексі ең жоғары әлемдегі бес елдің қатарына енді. Бұл Gallup International тәуелсіз зерттеу агенттіктері халықаралық қауымдастығы жүргізген жаһандық сауалнамадан кейін белгілі болып отыр, деп хабарлайды finanz.ru. Бақыт индексі – бұл бақытты және бақытсыз адамдар арасындағы айырмашылық.

Gallup International зерттеуі әлемнің 44 елінде жүргізілген. Оған 41 560 адам қатысқан. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, бақыт индексінің ең жоғарғы көрсеткіші Колумбияда (+79), Қазақстанда (+76), Албанияда (+74), Малайзияда (+73) және Әзербайжанда (+70) тіркелген. Ал бақыт индексінің ең төменгі көрсеткіші Ганада (+2), Ауғанстанда (+9), Гонконгта (+11), Иракта (+17) және Ресейде (+18) тіркелген. Сонымен бірге, АҚШ, Ұлыбритания және Германия орташа әлемдік деңгейден сәл төмен, бірақ Ресейдегіден екі есе дерлік жоғары нәтижелер көрсеткен. “Бақыт деңгейі табыс деңгейімен тікелей байланысты емес”, – дейді Gallup International вице-президенті Андрей Милехин.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: