23 октября, 2015 Comments Off on Жүзден астам жүк көлігі кептеліп қалды

Жүзден астам жүк көлігі кептеліп қалды

News-image-42231-0Астанада күннің күрт суытуынан көлік апаты көбейіп кетті. Өйткені  көпшілік көліктерінің жазғы доңғалағын ауыстырып үлгермеген. Жарты күн ішінде, полицияға көлік апаты туралы 120-ға жуық хабарлама түсіпті. Оның 60 шақтысы құжат жүзінде рәсімделген.  Синоптиктер Ақмола облысында  үш тәулікке дейін қар жауады деп отыр. Бүгін түнде ауа температурасы -17 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 

Қуаныш Еркінов, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

Басқа күндері осы уақытқа дейін күніне 50-60-қа дейін хабарламалар түсіп, оның ішінде әрі кетсе 15-20 орын алғаны анықталып құжаттары рәсімделеді.

Күннің күрт суытуы Тобыл өңірінде де жүздеген жүк көліктің жолын бөгеді. Көктайғақ салдарынан Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тас жолының биік белесінде қос фура көлденеңінен тұрып, 150-ге жуық  транзиттік техниканы бірнеше сағат бойы қаңтарып қойды.

Юрий Панасенко, Қостанай облыстық ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Кешқұрым тас жолдың бойындағы Герцен ауылының тұсы көктайғақ болып, көліктер әрең жүрді. Ал, екі жүк көліктің осы тұста көлденең тұрып қалуы, жол қозғалысын тіпті  қиындатып жіберді. Жеңіл көліктер біртіндеп жол жиегімен өтіп жатты. Бірақ ауыр жүк тиеген техникалар тоқтап қалды. Кептелісті сейілту үшін аталған жерге  арнайы жол қызметінің техникалары мен патрульдік-полицейлер жіберіліп , шұғыл шара қолданылды.

М.БАҚЫТҚЫЗЫ

http://www.astanatv.kz/

Загрузка...

Комментирование закрыто.