АЛТЫНОРДА
Новости

Жерге қарай алып метеорит ұшып келеді

АСТАНА. 6 маусым. BAQ.KZ – Жер шары тұрғындарының Антихристпен кездесуі осы демалыс күндері – 7 маусымнан 8-не қараған түні өтеді. Дегенмен де, ақырзаманды күтудің керегі жоқ: метеорит Жерден Айға дейінгі ара қашықтықтан үш есе артық қашықтықта ұшып өтеді, деп хабарлайды YTPO.ru сайтына сілтеме жасап bnews.kz тілшісі.

 

Диаметрі 325 метрді құрайтын алып астероидты ғалымдар тек 23 сәуірде ғана байқаған. Slooh аустралиялық астрономиялық білім жобасының астрономы Боб Берман NASA телескопының объективінде көрінген алып аспан денесінің ғалымдарды абыржытып қойғанын мойындады.

«Оның көлемі Челябі метеоритінен 10-20 есеге артық, -деген Берман «Антихристің Жермен соқтығысуын Хиросима мен Нагасакидегі атом бомбаларының жарылысымен салыстыруға болатынын» атап өтті. Тек бұл жолғы соқтығыстан энергия мың есе артық бөлінеді.

Метеориттік жауын кезінде астероид қалдықтарының басым бөлігі жер атмосферасында өртеніп кететініне қарамастан, Антихрист секілді мұндай алып аспан денесінің жақын жерден пайда болуы ғалымдарды әбігерге салды.

http://baq.kz/kk/news/48306