Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі ретінде бекітілген. Бұл орайда «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және сыбайлас жемқорлық фактілерін тудыратын жағдайларды жою шаралары тұрақты түрде жүргізілуде.

Жемқорлықпен күресте алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бағытында «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы Қазалы аудандық филиалы, құзырлы орган қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, тоқсан сайын отырыс, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізіліп келеді.

«Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Сенім телефоны», «Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін» пошта жәшігі жұмыс жасайды. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға және қоғамымыздағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты келеңсіздіктерді жоюға септігін тигізеді.

Қоғамдық құбылысқа жол бермеу жөніндегі маңызды іс-шаралардың бірі азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тіркеу, есепке алу, мерзімінде қарап, уақытылы жауап беру болып табылады. Бұл орайда азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымдары арнайы арыз-шағым тіркеу базасына (BaseArmEUOL) енгізіліп, кейбір өтініштер саласы бойынша тиісті бөлімдерге жолданып, мерзіміне сәйкес қаралып, шешіледі. Өтініштер Қазақстан Республикасы «Жер Кодексінің» 44-бабының 8-тармағына сәйкес бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болмауына байланысты арнайы есепке алынған. Азаматтардың жер учаскелері сұралып жазылған өтініштері туралы және жер учаскелеріне байланысты өзге де сұрақтар жөнінде Әйтеке би кенті бойынша жер учаскелерін беру немесе жер учаскелерін беруден бас тарту жөніндегі комиссиясы әр аптаның сейсенбі, жұма күндері болатын жиналысына тұрғындар шақыртылып, тиісті жауаптар берілуде. Сондай-ақ, әр аптаның сәрсенбісінде Әйтеке би кентінің әкімі тұрғындарды жеке қабылдайды.

Жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында кент бойынша тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелері сұралып жазылған өтініштер кезектілігінің тізімі «Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мекемесінің ғимаратында арнайы ақпараттық стендте орналастырылып, әр тоқсан сайын жаңартылып отырылады.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру барлық халыққа қызмет көрсететін уәкілетті органдардың басымдық мақсаты болу тиіс.

Біз, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлықпен күресте белсенділік танытып, оған өз құзыреті шегімізде қарсы тұратын боламыз.

Абай ДИДАРОВ,

«Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық

қамтамасыз ету және құқықтық жұмыстар бөлімшесінің жетекші маманы.

http://www.baq.kz

Рубрика: