Павлодар облысында жел электр ста­н­сасын салу жоспарланып отыр. Бұл мә­ліметті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіп­кер­лік корпорациясы жариялады. 

 

Станса Ақмола облысымен шектесетін Екібастұздан 100 шақырым жерде салын­бақ. Шетелдік іскерлердің қолдауымен жү­зеге асатын жобаның құны – 15 млрд теңге.
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның басқарма төрағасы Алмас Мәдиевтің айтуына қарағанда, салынатын жел электр стансасының қуаттылығы 50 МВт. Жобаны бірлесе іске асыруға білек сыбана құлшыныс білдіріп отырған бір­неше компания бар. Олармен жылдық 5-7 пайызбен 8-10 жылға ұзақмерзімдік ли­зинг желісін ұсынатын меморандумға қол қойылып та үлгерді.
Несі бар, жақсы бастама. Соңғы жыл­дары айқын сезіле бастаған электр қуаты тапшылығының орнын осылай толтыруға әрекет жасасақ, оның тиімділігі ел эконо­ми­касына да оң әсер етері сөзсіз.
Гүлнар Тәжиева

 

http://www.aikyn.kz

Рубрика: