АЛТЫНОРДА
Новости

Жаттығудан кейін не жеу керек?

Cпортпен шұғылданғаннан кейін күшті қалпына келтіру үшін қандай тағамдар жеуге болады?

Банан+жаңғақ майы+йогурт

Бұл үштік ақуыз, май мен көмірсуларға бай. Жеңіл тіскебасар күштің қалпына келуіне көмектеседі.

Жеміс смузи

Йогурт негізінде әзірленген жеміс смузи —  нағыз фитнес тағам. Жемістердегі қанттар қажетті көмірсулардың орнын толтырады, ал сүтті тағамдарда кездесетін ақуыздар тез тоюға көмектеседі.

Энергетикалық жаңғақ кесегі

Бұндай тіскебасар аштық сезімін ұзақ уақытқа жояды. Көмірсуларға бай тағам тез тойдырып, күшті қалпына келтіреді.

Жұмыртқа

Қуырылған жұмыртқа — ақуыз бен көмірсудың жақсы үйлесімі. Қуырылған жұмыртқаға күйген нан не піскен картоп қосыңыз.

Шоколад сүті

Бұл да ақуыз бен көмірсудың жақсы қосындысы. Ол бұлшық еттерді қалпына келтіруге көмектеседі.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: thekitchn.com, thinkstock

 

http://massaget.kz/