04 января, 2016 Comments Off on Жаңа жылдан бастап Алматыда коммуналдық қызмет құны қымбаттап кетті

Жаңа жылдан бастап Алматыда коммуналдық қызмет құны қымбаттап кетті

тарифыШаһардағы басқа коммуналдық қызметтің құны әзірге өзгеріссіз қалмақ.

Алматыда жаңа жылдан бастап электр энергиясы қымбаттайды. Заң бойынша бекітілген орташа баға 15 теңге 50 тиыннан 16 теңге 10 тиынға дейін өседі. Қаңтар айынан бастап жұмыс істейді бұл баға саясаты. Басқа коммуналдық қызметтің бағасы әзірге өзгеріссіз. Жылу мен ыстық су бойынша бағаны өсіру туралы өтініш түскен. Алайда, құзырлы орын өкілдері оны кері қайтарыпты. Кез келген коммуналдық төлемнің құнын өсіру туралы өтініш қабылданғанымен, 180 күн немесе 6 ай бойы қаралады. Яғни, 2016 жылдың шілдесіне дейін басқа салалар бойынша баға өзгермейді, дейді мамандар.

«Электр энергиямен жабдықтау бойынша 2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 1 кВт тарифын бекітті. Жылу энергиясымен жабдықтау қызметі бойынша субъектілер бізге өтінім өткізгенімен, өздерінің өтініштері бойынша өтінімдерінің барлығы қайтарылып алынды д,а жылу энергиясы, ыстық сумен жабдықтау қызметі бойынша ешқандай тариф өзгертілген жоқ»,- деді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ардақ Жаңабаева.

Электр энергиясының тарифы бір жылға бекітіледі. Ал, одан басқа көгілдір отын, суық су және тағы басқа коммуналдық сала бағалары 5 жылға бекітіледі. Бірақ 5 жыл бойы өзгермейді деген сөз емес бұл. Себеп табылса, тағы өзгеріске түседі. Осыған орай елімізде соңғы 10 жылда 3 есеге өскен әлеуметтік төлемнің көлемі санатына қарай қаңтар айынан бастап тағы 7 пайыздан 25 пайызға дейін қымбаттайды. Республика бойынша 1,2 млн тұрғынға әлеуметтік төлем жасалады.

Жаңа жылдан бастап зейнетақы көлемі 9 пайызға артады. Осылайша, 2016 жылы зейнетақы төлемінің төменгі мөлшері 37 789 теңге болады. Бұл айлық есептік көрсеткіштің өсуімен байланысты. Ол келер жылы 2 121 теңгені құрамақ. Қазақстанда 1 миллион 900 мың адам зейнетақы, 665 мың адам әлеуметтік жәрдемақы алады.

Загрузка...

Комментирование закрыто.