07 августа, 2015 Comments Off on Жамбыл облысында такси жүргізушісі бойжеткенді аяусыз соққыға жығып, зорлады

Жамбыл облысында такси жүргізушісі бойжеткенді аяусыз соққыға жығып, зорлады

такси2Жамбыл облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты бойжеткенді аяусыз соққыға жығып, зорлаған такси жүргізушісіне қатысты үкім шығарды.
Такси жүргізушісіне келесі айыптар тағылды: 1) кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлауға әрекеттену; 2) зардап шегушіні аяусыз бірнеше рет зорлауға әрекеттену; 3) күшпен бірнеше рет зардап шегушіні аяусыз зорлау және күшпен немесе қорқыту арқылы тонау.

Іс материалдарына сәйкес, Жамбыл облысының тұрғыны 2015 жылдың мамырында Қордай ауылынан Алматыға кәмелетке толмаған қыз бала мен оның анасын жеткізіп салуға уәде берген.

Көп ұзамай айыпталушы оларды ауылдың шеткі жағына алып барып, күшпен зорлауға әрекеттенген. Алайда бұл ойын жүзеге асыра алмай, қылмыс орнынан ізін суытқан.

Сол күні кешкісін жол бойында такси ұстап тұрған бойжеткенді көлігіне отырғызып, онымен бірге Таразға бет алған. Жолай көлігін тоқтатып, бойжеткенді аяусыз соққыға жыққан. Кейін күшпен зорлаған.

Қылмыс орнынан қашып кеткен жүргізуші зардап шегушінің ұялы телефоны, заттары мен ақшасын тартып әкеткен.

Сот шешімімен айыпталушы 4 бап бойынша айыпты деп танылып, зардап шегушінің кешірім беруіне байланысты Қылмыстық кодекстің 121 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлауға әрекеттенгені үшін айыпталушы 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

“Бірнеше рет зорлау” бабы бойынша айыпты 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Денсаулыққа жеңіл залал келтіру” бабы бойынша 180 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылатын болды.

Барлық жазаларды біріктіре отырып, сот азаматты 12 жыл 6 айға қамауға алу шешімін шығарды.

Дереккөз: Nur.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.