YouTube видеохостингінің қолданушылар саны 1 миллиардтан асты. Компания хабарлағандай, осындай нәтижеге жетудің бірден бір себебі әлемге смартфондардың көптен таралуы дегенді айтады. 

Осындай рекордтық көрсеткішке байланысты компания блогында: “Егер біз осындай қолданушылар санымен тұтас бір ел болсақ, онда халық саны бойынша әлемде Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орынға ие болар едік” делінген.

YouTube видеохостингі 2005 жылы іске қосылып, бір жылдың ішінде үлкен танымалдыққа ие болды. 2006 жылы оны Google 1,65 миллиард АҚШ долларына сатып алды. Алғашқыда видеохостингте тек қолданушылық контенттер орналастырылған еді. Бірақ кейін YouTube кәсіби видеоларды, оның ішінде толықметражды фильмдер мен телешоуларды жүктеуді бастады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

http://massaget.kz/tehno/sholu/9301

Рубрика: