02 сентября, 2015 Нет комментариев

Хиросимадан Семейге тарту

0_12bbac_4d221797_lАтом бомбасының құрбаны болған Жапонияның Хиросима қаласынан арнайы жеткізілген «Бейбітшілік тасы» Семейдегі Поковник аралына қойылды. Тастың биіктігі 3 метр, салмағы 100 келі. Оған мәңгілік бейбітшілікті қалайтын Канон құдайына жалбарынып тұрған әйел бейнесі қашалып түсіріліп, From Hirosima (« Хиросимдан») деген жазу бедерленген.
Айтулы шараға 15 мыңнан астам адам қатысты.
«Өлімнен де күшті» монументі мен Бейбітшілік стелласы жанына жиналған жұрт бір минут үнсіздікпен адамзат баласына қасірет әкелген атом зардабының құрбандарын еске алды. Семей ядролық сынақ алаңының қасіретін көрген халықтың жүрек үніндей «Заман-ай» әні шырқалып, гүл шоқтары қойылды.
Шараға Жапонияның Қазақстан республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Камахара Масаеси, «Бейбітшілік тасы» қауымдастығының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ғабдул Мерқұрман

http://aynaline.kz/

Загрузка...

Добавить комментарий

You must be logged in to post a comment.