АЛТЫНОРДА
Новости

Харьков мэріне қастандық жасалды

Бүгін Украинаның шығысындағы Харьков қаласының мэрі Геннадий Кернеске ту сыртынан белгісіз біреулер оқ атып, ауыр жараланған ол ауруханаға түсті.

Мэрдің баспасөз қызметі 54 жастағы Кернеске Харьков қалалық ауруханасында операция жасалып жатқаны туралы хабарлады.

«Дәрігерлер қазір Геннадий Кернестің өмірі үшін күресіп жатыр» деген баспасөз қызметі басқа ақпарат таратпады.

Харьков — Украинада ел астанасы Киевтен кейінгі ірі екінші қала.

Ресейшіл сепаратистер сәуір айының басында Харьков пен Украинаның шығысындағы бірнеше қалада үкімет ғимараттарын басып алған еді.

Бірақ Украина қауіпсіздік күштері мен полиция кейін Харьковтегі үкімет кеңселерін сепаратистерден босатқан

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140428/330/330.html?id=25365090