09 октября, 2015 Comments Off on ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ ОҚО-ДАҒЫ ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ ОҚО-ДАҒЫ ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

img-20151009-wa0007Оңтүстік Қазақстан облысында қызылшаға қарсы екпе жұмыстары жүруде. Ағымдағы жылдың 7-10 қазан күндері аралығында 15-19 жастағы азаматтарға екпе науқаны кезінде тәжірибелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету мақсатында келген БҰҰ/ЮНИСЕФ балалар қорының халықаралық сарапшысы Андрей Тулисов Орталық коммуникациялар қызметінің ОҚО филиалында өткен брифингте екпе жұмыстарының халықаралық талаптарға сай жүргізіліп жатқанын айтты. «Бұл екпеге облыс бойынша барлығы 68201 жасөспірімді қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 251 адам қызылшамен тіркелген болса, соның ішінде жасы 29-ға дейінгі науқастар да бар. Осыны ескере келе, алдағы уақытта екпе науқанына 20 мен 29 жас аралығындағы азаматтарды қосуды да қарастырып отырмыз», − деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейітжамал Пакеев. Облыстың бас дәрігері оңтүстікқазақстандықтарды қызылшаға қарсы екпе салуға шақырады.

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Загрузка...

Комментирование закрыто.