АЛТЫНОРДА
Новости

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ «Діни экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекеттеріндегі жастардың рөлі»

экстремизм2014 жылы сәуірдің 29-30-да Алматы қаласында, Бас прокуратураның Институтымен Қазақстан Республикасының дін жұмыстарының Агенттігі, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ОБСЕ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған «Діни экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекеттеріндегі жастардың рөлі» — атты  халықаралық форум өтеді.

Форум Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары Кравченко А.Н., Қазақстанның Бас Муфтийі Маямеров Е.М., Алматы қаласы әкімінің орынбасары Аманжолова З.Ж., Бас прокуратураның өкілдері, «Нұр Отан» партиясы, ҰҚК терроризмге қарсы орталығы, ҰҚК өкілдері, ІІМ өкілдері, діни жұмыстарының Агенттігі, 20 ірі жоғарғы оқу орындарының ректорлары, ғалымдар, теологтар, халыаралық және отандық сарапшылар, қоғам қайраткерлері, Алматы жоғарғы оқу орындарының студенттерінің қатысуымен өтеді.

Форум мақсаты экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекеттер бойынша жастар саясатын талқылап, жастар арасында діни радикализмнің өсуінің себептерін анықтап, соған қарсы жүйелі шаралар қолдану жолдарын талқыға салу.

Өткізілетін форум барысында мемлекеттік органдарының басшылары, дін өкілдері сөз сөйлеп, сарапшылар қатысуымен көптеген мәселелер талқыланып, «дөңгелек үстел» өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар мамандар тікелей студенттермен жумыс жүргізеді.

Осы форумға БАҚ өкілдерін 29-шы сәуір 2014 жылы сағат 09:00-ге шақырамыз. Өткізілу орны: аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, механико-математикалық факультет (Алматы қаласы, аль-Фараби даңғылы 71).

Толық ақпарат алып алдын ала жазылу үшін хабарласу телефордары: 8-7172-712048, моб. 8-777-792-14-77, email: rustem_umurzakov@mail.ru

БАҚ өкілдерінің тізімін бір күн бұрын жіберулеріңізді сұраймыз.