АЛТЫНОРДА
Новости спорта

WBC РЕЙТИНГІ. ҚАНАТ ИСЛАМ ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ

200px-Kanat_ProfileWBC жариялаған жаңа рейтингте Қанат Ислам бір сатыға жоғарылаған.

Супер орта салмақта (69 келі) Қанат Ислам қазір үздік бестіктің қатарына енген. Бұл салмақта әлемнің супер чемпионы — Флойд Мэйвезер, ал чемпион — кубалық Эрисланди Лара. Одан кейінгі сатыда, яғни бірінші орында германиялық Джек Кулкай, екінші сатыда Мигель Котто жайғасқан.

Қанат Ислам

Кәсіпқой бокста әр салмақта супер чемпион мен чемпион рейтингтің басында тұрғандықтан олар рейтингке енбейді. Ал рейтингке енген боксшылар супер чемпион және чемпионмен жекпе жек өткізу мүмкіндігіне жақындайды.

Орта салмақта Геннадий Головкин чемпион ретінде көш басында. Жеңіл салмақта (54  келі) Жанат Жақиянов бірінші орынға шыққан. Бұл салмақта доминикандық Хуан Карлос Паиано супер чемпион ретінде көшбасшы.+

http://www.alaman.kz/