27 июля, 2015 Comments Off on “ВИА Гра” Ғани Қасымовқа арнап ән салды

“ВИА Гра” Ғани Қасымовқа арнап ән салды


photo_19251Ресейдің атақты "ВИА Гра" тобы Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовқа арнап ән салды. Әдемі қыздардың ән салып тұрғаны бейнеленген қысқаша роликті ол өзінің Instagram парақшасына салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Саған заманауи, жақсы, ізгі әнді арнап жатса, әрдайым ғанибет...", - деп жазды Ғани Қасымов. Ролик бірнеше сағатта 760 лайк жинады.

Ғани Қасымовтың өзі шетелде демалыста жүр. Tengrinews.kz тілшісі оған қоңырау шалып, шараның қай жерде болғанын білді. "Иә, бұл Алматыда болды (...) Таяуда. Мен досымның мерейтойына шақырту алдым, сол жерде "ВИА Гра" өнер көрсетті. Ән сұрадық, орындап берді, жақсы қыздар. Мен өзім олардың жанды дауысын бірінші рет естідім. Олардың өнер көрсеткенін және менің қатысуыммен болған сәтті досым видеоға түсіріп, маған салып жіберді", - деді Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы.

http://kaz.tengrinews.kz/

Загрузка...

Комментирование закрыто.