Үтікке ұқсайтын Флэтайрон Билдинг ғимаратыФлэтайрон Билдинг (Flatiron Building) – Нью-Йорк қаласындағы ең әйгілі ғимараттың бірі. Ол 5-ші Авеню мен Шығыс көшесінің Бродвейге келіп қосылған жерінде орналасқан. Ғимараттың сырт пішіні киім үтігін еске түсіреді. Алайда, оны көбінесе бу кемесіне ұқсатады.

Танымал фотограф Альфред Стиглиц өз сөзінің бірінде: «- Ғимарат маған жақындап келе жатқан сияқты болды. Бұл Америка елінің  салынып жатқан жаңа келбеті еді» деп айтқан.

Ең басында көп қабатты үй Джорджа Фуллер (Fuller Company) құрылыс компаниясына арналып салынған болатын. Сол себептен «Үтіктің» тарихи атауы Фуллер Билдинг (Fuller Building) деп аталған. Олар бір кездері ғимаратты штаб-пәтер ретінде пайдаланған.

Флэтайрон Билдинг 1902 жылы шағын ғана аймақта Дэниела Бернхэм (Daniel Burnham) мен Фредерик Динкельберг (Frederick P. Dinkelberg) архитекторларының жобасы бойынша тұрғызылған.

Ғимарат неоренессанс, боз-ар немесе екінші атауы  «барокко Бернхэм» архитектуралық үлгісінде салынған. Архитектуралық үлгінің былай аталу себебі  архитектордың тікелей қосқан үлесіне байланысты.

Флэтайрон Билдинг ғимараты  көп қабатты үйлердің арасында тек өзінің үш бұрыштылығымен ғана емес, сонымен қатар терезе ернеуінің өркеш келуімен де өзгешеленеді. Зеңгір үйдің тғы бір ерекшелігі оны әр қырынан қарасаңда көзге әртүрлі болып көрінеді.

Суртет:www.stefandavidson.com,archinect.comhttp://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/alem-alaqanda/26187/

Рубрика: