АЛТЫНОРДА
Новости

Үшінші бала туғандарға айыппұл салуды ұсынды

pic_2ef52ba1791906b06d69cc3557148593
 Астана. 27 қазан. Baq.kz — Владмир Жириновский «Россия 1» телеарнасының «Поединок» бағдарламасы арқылы Ресей қоғамын дүрліктірген мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта бұл мәлімдеме қоғам арасында қызу талқыға түсті.

Телеарна арқылы мәлімделер жасап, елді өзінің аузына қаратуды әдетке айналдырған Владимир Вольфович бұл жолы Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағының тұрғындарына қарата сөйледі. Оның ойынша, Солтүстік Кавказдағы демографиялық өсімді тоқтатып, дүниеге келген 3-ші бала үшін айыппұл салу қажет. Жириновскийдің бұл пікірімен 140 мың ресейлік келіскендігін білдірген.
Бұл мәлімдеге Солтүстік Кавказ тарапы да қарап қалмай, Шешенстан Президенті Рамзан Қадыров Жириновскийді сынға алды.
«Жириновксий қоғамдағы дүрбелеңді аңсайтын болуы керек. Жириновский келеді және кетеді. Ал, Ресей қалады», — деді Р.Қадыров.
Қадыровтың сөзін жауапсыз қалдырмаған Жириновский: «Мен мұсылман әлемін зерттеген шығыстанушымын. Туу өсімінің шектен тыс көбейіп кетуі экономикалық тұрғыда тиімсіз. Еуропадағы секілді тууды шектейтін насихаттар керек»,- деп, өзінің ойын адами құндылықтарға сай екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Жириновский туу өсімінің ең көп аймақтары ретінде Ингушетия, Шешенстан, Дағыстан мемлекеттерін атап өтті. Бұл мемлекеттердегі халықтың өсуі қиындықтар туғызып, қылмыстың көбеюіне әсер ететіндігін де атап өтті. Тіпті, Волгоград қаласындағы 2013 жылдың 21 қазанындағы терактіге Солтүстік Кавказ халықтарының көбейіп кетуі себеп екенін дәлелдеуге тырысты.
«Яблока» партиясының көшбасшысы Сергей Митрохин Жириновскийдің бұл мәлімдемесін айыптап, бұл Ресейдің құлдырауына әкеліп соқтыратындығын ескертті.

http://baq.kz/kk/news/38046