13 февраля, 2014 Comments Off on Ұлы ақынның ұлылығын ұлықтасақ, ұлты да ұмытпас

Ұлы ақынның ұлылығын ұлықтасақ, ұлты да ұмытпас

Тәуелсіздік алған соң өткен тарихымызға, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің ойы мен қырына, даму тарихына ұлттық көзқараспен жіті көз тігіп, әдебиетіміздегі орны ойсырап тұрған тұлғаларды түгендей бастадық. Әр ұлттың рухын көтеретін данасы мен дарасы, қол бастаған батыры, сөз бастаған шешені, ел бастаған көсемі бар. Осы орайда қалың қазақтың данасы, алаштың дарасы, Ұлы ақын Абайдың алатын орны ерекше. Алайда, Ұлы данышпан Абай турасында  аз айтылып та, жазылып та жүрген жоқ. Соған қарамастан, Абайды толыққанды білуде, әлі де бүгінгі жастар арасында Абайды жете түсіне қоймағаны жасырын емес. Бүгінгі күн өлшемімен алғанда Абайды бір қырынан ғана танып білу  әлі де жеткіліксіз, өйткені, Абайдың шығармашылығын тану білім ордаларынан ғана көрініс табары анық.1995 жылы Елбасының сырт елдегі беделі арқасында Абайдың 150 жыл­дық мерейтойы ЮНЕСКО кө­лемінде тойланғаны белгілі. Кешегі кеңестік империяның дәуіріндегі идеологияның ықпалынан толыққанды түрде айтылмай келген төл әдебиетіміздің қатпарларына ұлттық көзқараспен жаңаша пайымдаулар жасауға, рухани мұрамызды өскелең ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік туды. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті, дара тұлғалары.

Ия, рухани байлықтың басында тұрған  ұлттық идея, данышпан Абайды пір тұтып, жүгінетініміз анық. Ұлттық идея, оның ішінде, ұлттық жетілу мұраты патриотизммен тығыз байланысты. Ал патриотизм неден басталады? Өзіміз тірішілік етіп отырған ландшафтағы, мәдени кеңестігіміздегі біртуар дүниелер, қасиеттер мен дара тұлғаларды сүю, қасиетті санау мен насихаттаудан басталады. Осы ой тұжырымы да Абайды танып білуден бастау алады десем артық айтпағаным. Партияның Доктринасында көрсетілген отаншылдық рухын қалып­тастыруға айрықша мән берілгені баршамызға аян. «Нұр Отан» партиясы әрқашан заман талабына сай, болашаққа байыпты бағдарлама жасай отырып, қоғамдағы іс-шараларға  бастама болып келеді. Соның бір айқын дәлелі партияның «Абайды танып, біл» атты өзіндік жобасын атауға болады.

 Осыған орай, 2014 жылдың 24 қаңтар күні  Шығыс Қазақстан Облыстық   филиалы баспасөз орталығында «Абайды танып, біл» партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша ұйымдастыру отырысы өтті. Жобаның мақсаты: Ұлы Абай мұрасын көпшілікке таныту, Ұлы ақынның шығармашылығы мен өнегелі мұрасын жастардың бойына сіңіру, Абай әлемі арқылы жастарға патриоттық рух беріп, рухани тәрбие беру. Аталмыш партиялық жобасы өткен жылы  бастама алған болатын. Шарада облыстың Абайтанушылары, облыстық басқарма басшылары, жастар ұйымы, БАҚ өкілдері бас қосты.Қатысушылар «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Т.Түсіпбеков «Абайды танып, біл!» атты арнайы партиялық жобасын жүзеге асыру, жоба аясында бірлесе іс-шаралар ұйымдастыру жөнінен кеңінен тоқталып өтті.Отырыс барысында Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева Омарғалиқызы, Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының директоры орынбасары Қайрамбекова Мейрамгүл Сейтжапарқызы, Жазушылар одағы мүшесі Щербаков Борис Васильевич, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі  Шик Лео Богданович, ШҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасы маманы Е.С. Балтабеков аталмыш партиялық жобаны жүзеге асыру бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар жеткізді.Заман ағымы өзгерсе де, тынысы жаңарса да төл мәдениеттің мұрасы құнды болып қала береді. Партия Доктринасында көрініс тапқан жастарға патриоттық тәрбие беруде Ұлы Абайдың өнегесі таптырмас тәлім. Сонымен қатар, дәстүрлі Елбасының биылғы халыққа Жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» патриоттық актісінде де осынай мәдени мұрамыздың, біздің руханилығымыздың арқаулық құндылықтары жатқанын сеземіз. Дегенменде, Абайды өз ортамызда ғана емес, өзге ұлт өкілдерінің білгенінің артықтығы жоқ. Күні ертең дамыған 30 елдің қатарына кіруде төл мәдениетімізді мықтап меңгеріп алу артық емес. Әлемдік бәсекеде мәдени, рухани құндылықтарымыздың да алатын орнын естен шығармауымыз керек. Домбыраны шерткендей, біздің бүгінгі жастарымыз да келешекте өркениетті елдер қатарында төл мәдениетімізді, Ұлы Абайды дәріптеуде көші алда, тұғыры биік тұруы тиіс деген ойға түйіндесек. Сондықтан да жастармен жұмысты белсенді атқаруымыз қажет-ақ.Заман жаңарды, қоғам өзгерді. Қазір елдің көңілін сөзден гөрі, көрініс көп аударады.  Бұл – уақыт шындығы. Өткенімізге көз жібермей, болашаққа көз тастау бекершіл.  «Арттағыға сөзің мен ісің қалса,Өлсең де,  өлмегенмен боласың тең, -  деп ұлы Абай айтқандай бүгінгі ұрпаққа қалдырған үлгі-өнегесін, еңбектері, өнер мұрасын насихаттау баршамыздың міндетіміз деп білеміз.Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан «Киелі мұрамызға тағзым» республикалық акциясының аясында Ұлы Абай мұрасын көпшілікке таныту, оның әдеби ортасын, шәкәрімтану, мұхтартану, алаштану мәселелерін өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады. Сондай-ақ, партияның «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасында да мәдениет пен рухтандыру бұл – біздің құндылықтардың, біздің менталитеттің, біздің мінезіміздің негізі деп атап айтылған. Осы жоба арқылы Абайды танытуда  іс-шаралармен ұластырып, барлық оқу орындарынан бастап, мемлекеттік мекемелерді қамти отырып, әрбір жастың санасына ұялатсақ рухани санамыз байи түседі.Партияның бұл игі бастамасы болған аталмыш жоба аясында Ұлы ақынның ұлылығын ұлықтасақ, өнегесі еш ұтылмас. Бұл үрдіс жыл сайын өз жалғасын тапса, Абайдың шалқар ойына қанығар едік. Абай кім?-деген сұраққа жауап алып, даралардың даралығы та­ны­ла түсер еді. Абайды тануда, танытуда бәрі әр қыры­нан зерттеліп, зерделеніп әр мекемеде іс-шаралармен ұласып жатса,  Абайды әр қырынан танып білер едік. Бүгінгі таңға тәубе дейік, еліміз ауқатты, халқымыз сауатты, көзі ашық, көңілі ояу. Игі бастама алған жобаның аясында «Теңізге құйған тамшыдай» әр мекеме өзінің шарасымен Ұлы ақынның бай мұрасын насихаттаса,  мәдени мұрамыз да, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы да өз көрінісін табары сөзсіз. Атаулы жобаны партияның ғана міндеті деп қабылдамай, бірлесе атқаруға ниет білдірейік ағайын! Абайды таныту арқылы рухани тұғырымызды нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дамытатын кез жетті.

Дидар ОРАЛБЕКҰЛЫ

Загрузка...

Комментирование закрыто.