АЛТЫНОРДА
Новости Павлодара

Ұлы ақынның мерейтойына арналған байқау

IMG_3375Павлодарда қазақ халқының Ұлы ақыны, хакім Абайдың туғанына               170 жыл толуына орай этнос жастары арасында «Абай оқулары» облыстық байқауы өтті. «Достық» концерттік залының дәлізінде С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханасының кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Облыстың қала, аудандарынан келген қатысушылар екі кезең бойынша, атап айтқанда Абай шығармаларын мәнерлеп оқу және «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен орындау бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде І жүлделі орынды Качир ауданының үміткері Коструба Дина,    ІІ орынды Екібастұз қаласының қатысушысы Овчаренко Аделина, ІІІ орынды Баянауыл ауданынан келген Николаенко Ангелина иеленді. Сайысқа қатысушылардың барлығы диплом, алғыс хаттармен  қоса бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Облыстық байқаудың жеңімпазы қыркүйекте Семейде өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Павлодар облысының тілдерді

дамыту жөніндегі басқармасы