АЛТЫНОРДА
Новости

Украинада кемінде 6 адам снарядтан қаза тапқан

Украинаның шығысындағы Волноваха қаласында жолаушылар автобусына артиллериялық снаряд түсіп, кемінде 6 адам мерт болған, 13 адам жарақаттанған. Донецк облысы милициясының басшысы Вячеслав Аброськиннің айтуынша, сепаратистер Украина жағының блокпостын атпақ болған.

Бұған дейін сепаратистердің танкі мен «Град» кешенінен бір тәулікте украин әскерилерінің бекіністерін 80-нен астам рет атқылағаны хабарланған. Негізінен 11 елді мекен мен Донецк әуежайы атқылауға ұшыраған.

Украинаның арнайы операция тобының баспасөз орталығы Донецк әуежайында жағдай тынышталғанын хабарланды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150113/330/330.html?id=26791730