660e42175e60efa0b238d598efe87722АҚШ пен Жапонияның геологтері Тынық мұхиты түбінен 140 млн жыл бұрын сөнген жанартауды тапты. Ол Жер шарындағы ең ірі жанартау саналып отыр.

Nature news жария еткен мәлі­метке қарағанда, мамандар Жапо­ния жағалауынан 1500 шақырым­дағы Шатский қыратының бір бөлігі – Таму тауының геологиялық құрылымын зерттеген. Бұл жердегі сейсмикалық толқындардың тара­луы мен базальтті жыныс үлгілерін салыстыра талдаған кезде су астын­дағы қыраттың бұрынғы жанартау екені анықталды. Супервулканның диаметрі – 625 шақырым. Еске сала кетейік, өткен аптада Ұлыбритания, Италия және Канаданың геологтерінен құралған топ Гренландия аумағынан ірі каньон тапқанын хабарлаған еді. Ұзындығы – 750 шақырым, тереңдігі 800 метр болатын құздар мұз астында қалып келген.

 

http://alashainasy.kz/world/45582/

Рубрика: