АЛТЫНОРДА
Криминальные новости

ТУНИС ТУРИСТЕР ҮШІН ҚАУІПТІ

скачанные файлыТунис астанасында парламент ғимараты маңындағы музейге содырлардың шабуыл жасауы салдарынан 17 турист пен екі жергілікті тұрғын қаза тапты.Бұл туралы Тунис премьер-министрі Хабиба эс-Сида мәлімдеді.
Мерт болғандар арасында Польша, Италия, Германия және Испания азаматтары бар.

Бұдан бұрын, сәрсенбі күні парламент жанында орналасқан музей ғимаратында белгісіз біреулер оқ атып, адамдарды кепілге алғандығы хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта кепілге алынған адамдарды босату операциясы аяқталды, бір полицей мен екі шабуыл жасаушы ажал құшты.

ҚазАқпарат