АЛТЫНОРДА
Новости

«ТИМОШЕНКО ТҮРМЕДЕН ШЫҚПАЙДЫ»

ba9a7172f741add4d12c799cebfdca6fБұл туралы Украина Президентінің кеңесшісі Владимир Зубанов Севастопольде өткен баспасөз мәжілісінде мәлім етті. 
– Юлия Тимошенкоға қатысты 2 қылмыстық іс қозғалған. Темір торда жазасын өтеп жатқан Тимошенко бостандыққа әлі шықпайды. Украина сот жүйесін жетілдіруге қатысты жұмыстарын жалғастыра береді. Еуропарламанттің адам құқықтарына қатысты өзге де талабы — ресми Киевтің Вильнюстегі саммитте Еуро Одақпен келісім жасауға еш кедергі келтірмейді, — дед ол.
«Әрине, Еуропаның жекелеген мемлекеті Тимошенконы босатуға қатысты мәселені көтеруі мүмкін. Алайда, бірде бір депутат оның  қылмысты ісімен жақсы таныс емес. Сондықтан менің жеке пікірім Тимошенко толық жазасын өтемей, түрмеден әлі шықпайды», — деп қосты Президент кеңесшісі. Зубанов таратқан мәліметке сай, «Тимошенко ісі – рақымшылық жасауға жатпайтын жаза. Және бұрынғы үкімет жетекшісін шет  елге емделуге жіберу үшін түгелдей Ел заңын өзгертуге тура келеді. Ал бұл оңай шаруа емес және Украина қылмыскерін шет ел асырып жібере алмақ емес», — деді.

Дегенмен, Тимошенконың жақтастары «атылмаған аюдың терісіне таласып жатқан күйі бар». Саясаткер Тарас Березовец «Тимошенко — әлемдегі саяси тұтқындалған № 1 тұлға. Егер Украина Еуроодақпен келісімге келсе, экс-премьердің бостандыққа шығады», — деп білек сыбанып отыр. Қазіргі күні темір тордың ар жағында отырып-ақ Тимошенко «әділдікті» адам құқықтары жөніндегі еуропалық соттан күтіп отыр. «Маған қатысты мұндай шешім Украинада әділет жоқтығын көрсетті. Конституциядағы құқымыз бен еркіндігіміз бұзылғанын, Украинада ешкімнің сот жүйесіне сенім арта алмайтынын танытты», — дейді ол. Ақиқатьын айтсақ, Украинаның бұрынғы үкімет жетекшісінің түрмеде отырғанына биыл тура екі жыл толды. Тимошенко «Ресеймен газ келісіміне қол қою кезінде өкілеттілігін асыра пайдаланған» деп айыпталып, түрмеде 7 жыл жазасын өтеуге кесілді. Украинаның Бас прокуратурасы Тимошенко 2010 жылғы Президент сайлауы алдында өз имиджiн жақсарту үшiн РФ-мен тиімсіз газ шартына қол қойды деп есептейді. Сонымен қатар Тимошенконың билікті өз мақсатына пайдалануы мемлекетке 190 миллион доллар шығын келтірген көрінеді.

 

Аида Барлыбек

 

Айкын