Астана. 27 ақпан. Baq.kz Адамның тілді меңгеру дағдылары оның құрсақта жатқан кезінен басталады. Жюль Верн атындағы Пикардия университетінің нейробиологтері осындай тың мәліметті жария етті.

 

ВВС-нің хабарлауынша, фран­ция­­лық ғалымдар шала туған 12 сә­бидің миын сканерлеп, олар­дың дыбыс ажы­рату мүм­кін­діктерін зерттеген. Мұның нә­ти­же­сінде адамның миында сөйлеу дағ­дыларын игеру қадамдары өте ерте қалыптасатыны анықталды. Ға­лым­дардың айтуынша, сәби өз да­муының 28-аптасында, тіпті, құ­сақта жатқан кезінде де түрлі ды­быстарды, соның ішінде, ер адам мен әйел адамның сөй­ле­генін ажырата алады екен. Ней­робиолог Фабрис Валлуа адам­ның тілді меңгеруі үшін сыртқы орта әсері мен тәжірибе қажет еке­нін жоққа шығармайды, бірақ сөй­леуді зерттеу кезінде жа­тыр­дағы шарананың осы мүмкіндігін мін­детті түрде ескеруге кеңес береді

Алаш айнасы

Рубрика: