23 сентября, 2013 Comments Off on Тестілеудің тоқтатылар түрі бар

Тестілеудің тоқтатылар түрі бар

ентҰлттық бірыңғай тестілеу 2015 жылдан бастап тоқтатылады. Мектеп бітірушілер оның орнына 2 кезеңді сынақтан өтетін болады. Бұларды жазбаша емтихан мен кешенді тесті­леу құрайды.Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбеновтің айтуынша, қазіргі бірыңғай тест жүйесі айтарлықтай жақсы нәтиже көрсеткен жоқ. Өйткені, «мектептен алған білімді тек бір салада толық көрсету мүмкін емес». Сондықтан да оған ата-аналар ара­сын­да да, мектеп бітірушілер ортасында да қарсылар өте көп болды. Тес­ті­леудің шала дүмбілез көптеген сұрақ­тары да талай жыл жұрттың талқы­сында жүрді.Аталмыш жүйені біржола ада-күде жойып жіберуге шешім қабылдаған Білім және ғылым министрлігі енді мектеп түлектерін екі кезеңнен тұ­ра­тын сынақтан өткізуді қолға алмақ­шы. Бұлардың біріншісі мектеп қа­быр­ғасында бірнеше пән бойынша жазбаша емтихан тапсыруға арналады. Ал екіншісі жоғары оқу орнына түсер сәтте кешенді тестілеу арқылы жүзеге асады. Мұнда кешенді тест әрбір талапкердің өзі таңдап алатын екі бейімді пәндерінен алынады.Вице-министр Мұрат Әбенов сондай-ақ емтиханның өту формасы да өзгеретінін жеткізді. Бұл өзгерістер мәтінмен жұмыс жүргізіп, біліктілікті тексеретін бірнеше тапсырмалар берілуден көрінеді. Бұл оқушылардың жаттанды білімін емес, оны іс жүзінде қаншалықты қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік бередіhttp://www.egemen.kz/
Загрузка...

Комментирование закрыто.