28 октября, 2015 Comments Off on Темірлан АЛМАС.ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ КЕШЕН САЛЫНАДЫ

Темірлан АЛМАС.ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ КЕШЕН САЛЫНАДЫ

шымкентШымкент қаласында 38,0 гектар жерге «Shymkent mall» кешені салынады деп жоспарланды. Бұл кешен Қазақстандағы ең ірі ойын-сауық орталығы болмақ.

         Жақында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Б.Атамқұлов инвесторлармен кездесу барысында осындай келісім жасалды. ОҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ірі жобаға жалпы сомасы 42,0 млрд теңгені құрайтын жеке инвестиция тартылады және 4 мың адамдық жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Енді Қазақстан мен Орталық Азияда теңдесі жоқ ірі кешенде салынатын объектілер туралы баяндайық. Жалпы ауданы 120,0 мың шаршы метрді құрайтын Cауда-ойын сауық кешенінде бірқатар қызмет көрсету нысандары орналасады. Мысалы ондағы  10,0 мың шаршы метр жерге гипермаркет  тұрғызылады,  дүкендерге бөлінген жер - 10,0 мың шаршы метрді құрайды,  4,0 мың шаршы метрлік орынды кинотеатрлар алады,  балаларға арналған ойын-сауық паркі - 3,5 мың шаршы метр аумақты иемденеді, ал аквапарктің өзі  15,0 мың шаршы метрді алатын болмақ, одан басқа  3мың адамға арналған фуд-корт орындары, электроника дүкендеріне 2,5 мың шаршы метр,  заманауи фешн галереясына 40,0 мың шаршы метр жер бөлініп отыр.

«Shymkent mall» кешеніне келетіндер көліктерін қоятын 3500 орыны бар автотұрақ та назардан тыс қалмаған. Одан басқа да демалуға келетін адамдарға қолайлы объектілер салынбақ, мәселен кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал жұмыс жасайтын болады. Кешен заманауи тенденцияларды ескере отырып, жобаланған және орналасқан қала аумағы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылып, қала тұрғындарына тиімді, қолжетімді жаңа форматтағы сапалы қызмет көрсететін болады. «Shymkent mall» Шымкент қаласының шырайын аша түсіп, еліміздегі ең ірі қайталанбас сауда орталығы болмақ. Ол көрсетілетін қызметтерді жоғарғы деңгейге көшіруге оң ықпал ететін болады. деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімнің баспасөз қызметі.

         Соңғы жылдары Шымкент қаласында 2000 орынға лайықталған «Түркістан» конгерсс холының құрылысы, аумағы 364 гектар жерді алып жатқан орталықта облыс әкімдігі мен мәслихаты, кітапхана, облыстың орыс драма театры, «Түркістан» конгресс холы және шаруашылық көрме залы сияқты ірі құрылыстар бастау алды. Болашақта 5000 адамдық орталық мешіт салынады деп жоспарлануда. Осындай кешендердің қарқынды салынуына қарағанда енді 5-6 жылда Оңтүстік Қазақстан облысы орталығының сыртқы келбеті қатты өзгерейін деп тұр.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.