30 октября, 2015 Нет комментариев

Ташкентте 16 адам «Хизб-ут-Тахрирге» байланысты ұсталды

imagesТашкентте ел аумағында қызметіне тайым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни ұйымының 16 жақтасы ұсталды деп хабарлады Өзбекстан ішкі істер министрлігі. 

Министрлік ол адамдардың Ташкент қаласы мен облысы аумағында ұйым идеологиясын насихаттағанын айтады. “Олардың кейбірі ұйым қатарына өзге елде жүргенде өтіп, отандарына оралған соң тыйым салынған партия қатарына әйелдері мен балаларын да тартқан” дейді өзбек билігі.

Ұсталғандардың үйлерінен көптеген экстремистік әдебиет тәркіленгенін айтқан Өзбекстан ішкі істер министрлігі қазір ол азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады.

Құқық қорғаушылардың дерегінше, өзбек түрмесіндегі діни айыппен сотталған 10 мыңдай адамның көбі – «Хизб-ут-Тахрир» мүшелері. 

“Жер жүзінде халифат орнату” идеясын таратын «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» ұйымына постсоветтік елдерде тыйым салынған. 
http://www.azattyq.org/

Загрузка...

Добавить комментарий

You must be logged in to post a comment.