АЛТЫНОРДА
Новости

Талдықорғанда Серік Сәпиев туралы фильмнің тұсауы кесілді

АСТАНА. 3 маусым. Baq.kz — Кеше Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы сарайда Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Серік Сәпиев туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді.

Фильмнің авторы әрі продюсері Ольга Сапожникованың айтуынша, 30 минуттық туындыда спорт саңылағының табысқа жету жолы ғана емес, оның туған өлкесі — Қарағанды өңіріндегі Абай қаласы, ата-анасы туралы мәліметтер мен болашаққа қатысты арман-мақсаттары да көрініс тапқан, деп жазады sports.kz.

Айта кетейік, О.Сапожникова бұл фильмді өз қаржысына түсірген.

Көреремендермен фильмнің басты кейіпкерінің өзі де жүздесті. Серік Сәпиев жанкүйерлеріне қазіргі сәтте Англияда тіл курстарында білім алып жүргенін және магистратурага түсуді жоспарлап жатқанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, «Серік Сәпиев. Олимпке барар жол» фильмі «Үздік кейіпкер» аталымы бойынша ХІІ «Красногорский» халықаралық спорттық кинофестивалінің жеңімпазы атанған еді.

http://baq.kz/kk/news/48123