19 июня, 2015 Comments Off on «Сырғалым» телехикаясы жаппай сатылымға шықты

«Сырғалым» телехикаясы жаппай сатылымға шықты

СнимокБүгін, сағат 12.00-де Алматы қ., Гоголь көш., 58 үй, Панфилов көш. қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан «Меломан» дүкенінің үлкен залында жаппай сатуға арналған «Сырғалым» сериалының ресми DVD-басылымының көрсетілімі өтеді. Сондай-ақ, баспасөз конференциясы барысында «Қазақстанның» тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясының жаңа жобалары туралы да сөз болады.«Сырғалым» телехикаясы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясымен түсірілген.«Сырғалым» телехикаясы «Қазақстан» телеарнасының эфирінен алғаш рет 2014 жылы көрсетілді. Хикая қысқа мерзім ішінде милионнан астам көрермендердің күнделікті аудиториясын жинап, республика тарихында талабы жоғары телеөнімдердің қатарына қосылды. Қазақ тілінде түсірілген хикая жоғары рейтингті шетел теленовеллары мен бағдарламаларына бәсекелес бола отырып, республикалық телевизиядағы үлкен оқиға болды.«Сырғалым» хикаясы «Жыл таңдауы» конкурсының қорытындылары бойынша «2014 жылдың үздік сериалы» атағын алса, бас ролін сомдаған актриса Жұлдыз Маханова «2014 жылдың Үздік актрисасы» атанды.2015 жылдың көктем айында «Қазақстан» телеарнасынан телехикаяның екінші маусымын көрсету аяқталды.Спикерлер: 1. «Қазақстан» ҰТА директоры: Ілияс Ысқақов. 2. Қоюшы режиссер, хикаяның сценаристі: Рашид Сүлейменов. 3. «Көркем фильм» кинокомпаниясының бас продюсері Ильхам Джалилов. 4. Бас ролді сомдаған: Жұлдыз Маханова.Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар бойынша хабарласыңыздар: Белгібаев Сәкен Талғатұлы «Көркем фильм» PR директоры + 7 777 618 22 29 + 7 707 317 74 28 ifolder2009@gmail.com««Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan
Загрузка...

Комментирование закрыто.