АЛТЫНОРДА
Новости

Субұрқақ жасаудың шебері

Ағылшын сәулетшісі Уильям Пай жуырда ғана өзінің кезекті субұрқағын таныстырылымға шығарған болатын. Бұрын да ерекше әрі таңғажайып субұрқақтарды дүниеге әкеліп жүрген шебер бұл жолы да әлем жұртшылығын таң қалдырды.

Субұрқақ шұңғыма пішінде келеді. Оның ішіне қаншама қоқыс пен құстың батып кеткендігі беймәлім, бірақ оның сыртқы көрінісіне тағар мін болмай тұр. Бүгінде Харибдой аталатын субұрқақ Сандерленд жеріндегі ағылшын сарайының сәнін келтіріп тұр.

Харибдой деген атауға не себеп болғанын білгіңіз келе ме? Ол үшін аса көп ойланудың еш қажеті жоқ. Гомерді еске түсірсеңіз, жетіп жатыр. Харибда мен Сцилланың (Ежелгі Грек аңыздарына бұл екеуі жар аты деп беріледі) сиреналары (немесе су перілері) сицилиялық теңізде өмір сүретін болған. Гомер өзінің атақты «Иллиадасы» мен «Одисcеясында» найзағай құдайы Зевстің Харибданы Геркулестің өгіздерін ұрлап кеткені үшін найзағаймен атып суұйығына айналдырып жібергендігі туралы аңыздарды айтып кеткен. Әдемі аңыздан бастау алған ғажайып туындының дүниеге келуіне де осы оқиға себеп болған.

Орайы келіп тұрғанда Уильям Пайдың басқа да туындыларын таныстырып өтуді жөн көріп отырмыз.

2004 жылғы туындылар

Sibirica Minor

Архимед субұрқағы. Лондон қаласы

Құйын

2001 жыл

1997 жыл

1996 жыл

1990 жыл

1990 жыл

 

Суреттер:domdomov.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

http://massaget.kz