АЛТЫНОРДА
Новости

Стивен Спилберг Наполеон туралы сериал түсіреді

stivspbСтивен Спилберг. Наполеон Бонапартқа арналған жобаны қолға алмақ. Стэнли Кубриктің сценариі бойынша түсірілетін жоба телевизиялық сериал болады деп отыр.

Марқұм киногер бұл сценарийді 1961 жылы жазған екен. Кубрик кезінде телесериал үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген материалдар жинақтаған. Бірақ тележоба іске аспай қалды, оны студиялар тым қымбатқа шығады деп қабылдамапты.

Спилберг аталған жобадан мини-сериал жасамақ. Түсірілу мерзімі мен қашан жарық көретіні әзірге белгісіз.

Дереккөз: lenta.ru